Көне мешітті «бөлшектеп» көшірді

Көне мешітті «бөлшектеп» көшірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркияның Батман провинциясында мешітті «құтқару операциясы» жүргізілді, деп жазады Hurriyet Daily News.

Мешітті көшіру туралы шешім оның су астында қалу қаупіне байланысты қабылданған. Таяу уақытта провинция аумағында аса қуатты гидроэлектростанса іске қосылады. Кешен өз кезегінде су қоймасын құруды қажет етеді. Салдарынан Хасанкейф көне қаласының су астында қалу қаупі туындап отыр. Бұл қалада көптеген тарихи сәулет ескерткіштері мен ғимараттар бар. Жергілікті билік қазіргі уақытта құнды жәдігерлерді сақтау мақсатында арнайы шаралар жүргізуде. 

Тарихшылардың пайымдауынша, көшірілген Эйюб мешіті кемінде 600 жыл бұрын тұрғызылған. 4600 тонна тартатын көне ғимаратты көшіру үшін оны үш бөлікке бөлген. Арнайы техникалардың көмегімен мешіт жаңа орынға — «Хасанкейф» мәдени паркіне орналастырылды.

 

kazislam.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: