Жамбыл облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторы «Һибатулла Тарази» мешітінде кезекті сенбілік уағыздар өткізді.
Апталық уағыз жиынында «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстаздары Боханов Абдуррахман «Білімнің маңыздылығы» тақырыбында, Бақытұлы Нұралы «Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қоштасу құтпасы» тақырыбында, Әмреев Бақтияр «Ниеттің маңыздылығы», Маханбетова Ләззат «Тәуілсіздік - тұғырым» тақырыбында айтып, түрлі ғибратты дүниелер сөз болды.
Алла үйіне үгіт жиналған тыңдауға жиналған əйелдер жамағаты көкейкесті сауалдарын қойып, мардымды жауаптар ала алды. Игі дəстүрге айналған апталық уағыз көпшілікке рухани азық болып, діни сауатына білім қосқуда.
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі