Отбасындағы азын-аулақ ұрыс-керіс, қызғаныш Пайғамбарымыз (ﷺ) бен сахабалардың кезінде де болған

Отбасындағы азын-аулақ ұрыс-керіс, қызғаныш Пайғамбарымыз (ﷺ) бен сахабалардың кезінде де болған

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Отбасындағы азын-аулақ ұрыс-керіс, қызғаныш Пайғамбарымыз (ﷺ) бен сахабалардың кезінде де болған. Осындай жағдайда олар өздерін қалай ұстайтын еді? Бір-біріне қалай құрмет көрсететін?

Бірде Пайғамбарымыз (ﷺ) Айша анамызға (р.а): «Расында, мен сенің маған разы кезің мен ашуланғаныңды білемін», - дейді. Айша анамыз (р.а) таңданып: «Оны қайдан білесіз, иә Алланың елшісі?» - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (ﷺ): «Сен маған разы кезіңде «Жоқ, Мұхаммедтің Раббысымен ант етемін» десең, маған ашуланған кезіңде «Жоқ, Ибраһимның Раббысымен ант етемін» дейсің», - дейді. Сонда Айша анамыз (р.а): «Иә, Алламен ант етейін, уа, Алланың елшісі! Сізге ашуланғанымда осылай есіміңізден басқа ешнәрсені кері қақпаймын», - деген екен. 
Бұдан ұғатынымыз, Айша анамыздың (оған Алла разы болсын) Алла елшісіне (ﷺ) деген сүйіспеншілігі еш уақытта, тіпті, оған ашуланған кезінде де кемімеген. Ал оның ренішін аңғартатын жалғыз нәрсе — тек күйеуінің есімін атамау ғана болатын...

asylarna

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: