Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 15 хадис. Сіз бұл жөнінде не білесіз?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 15 хадис. Сіз бұл жөнінде не білесіз?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдері сыбайлыс жемқорлықтың кең етек алуы себепті экономикалық дағдарысқа ұшырауда. Кейбір мемлекеттік қызметкерлер тарапынан өз күштерін, биліктерін және ресурстарды пайдаланып қиянат етуі экономикалық алға басуға кедергі келтіруде. Бұл өз кезегінде қарапайым азаматтардың жек көру сезімдерін тудырып, олардың өз елінің дамуын қаржыландыру ниетінен айыруда әрі, айналып келгенде, өз еліне деген сенімнен айыруы да мүмкін.

Өкінішке орай, сыбайлас жемқорлық мұсылмандардың да арасында бар құбылыс. Бұл ислам мәдениетінде де сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін дүние бар ма деген сұрақты тудырады. Аайда бұған нақты түрде «Жоқ» деп жауап береміз. Негізінде, ислам ілімінің мәніне жеткіліксіз түрде қарайтын азаматтар арасында сыбайлас жемқорлық өршіп, кеңінен етек алып отырады.

Келесі 15 хадис Исламның сыбайлас жемқорлықпен қалай күрескендігінің көркем үлгісі болып табылады.  Исламда жеке және ұйымдық жауапкершілік - кез-келген билік пен жағдайды асыра пайдалануға жол бермеу әрі әшкерелеу болып табылады.

Мемлекеттік қызмет – аса зор жауапкершілік

1. Абдулла бин Омар (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген:

«Әрбіріміз де бақташы болып табыламыз әрі өз ісіміз үшін жауап береміз: билеуші өз халқына жауап беретін бақташы болып табылады; ер адам өз отбасына жауап беретін бақташы болып табылады; әйел адам ерінің үйіне қарап, өз шаруасына жауап беретін бақташы болып табылады; қызметші өз қожасының мүлкіне қарап, сол үшін жауап беретін бақташы болып табылады. Ендеше, әрбіріміз де бақташымыз әрі әркім де өз ісі үшін жауап береді» (Бұхари, Ахмад).

2. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан:

«Мұсылмандар ісін басқаратын кез-келген билеуші халықтың игілігі үшін бар күшін салып еңбек етпесе, оларға жанын ашытпаса, онда әлгі билеуші халқымен бірге Жұмаққа кірмейді» (Мүслим).

3. Әбу Зарр (р.а.) Пайғамбарымызға (ﷺ):

«Уа, Алла Елшісі, мені бір басқарушы етіп тағайындамас па екенсің?» - деп айтқанда Пайғамбарымыз (ﷺ) оның иығынан қолымен қағып: «Уа, Әбу Зарр, асылында, сен әлсізсің, ал билік болса адамға сеніп тапсырылған аманат болып табылады әрі Қиямет күні билікті заң бойынша қолына алып әрі билеуші ретінде лайықты түрде әрекет етпегеннен өзге кез-келген жанға бұл билік масқара мен өкінішке айналып еш опа бермейді», - деп жауап берген екен (Ахмад).

4. Әбу Хурайра (р.а.) келтірген:

«Ақиқатында, сендер билікке ұмтылатын боласыңдар, бірақ Қиямет күні бұл сендердің өкініштеріңе айналатын болады!» (Бұхари).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру ұжымдық міндет болып табылады

5. Нұғман бин Башир (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген:

«Алла Тағаланың тыйғандарынан тыйылып, ал бұйырғандарын орындайтын адамдар мен Алланың бүйырғандарын орындамайтындардың үлгісі кемеде отырып өз орындарын алуға жеребе тастайтындар сияқты. Олардың кейбіреулері орынды кеменің жоғары жағынан алса, ал кейбіреулері – төмен жағынан алады.

Кейін төменгі жақтағылардың су ішкісі келеді, бірақ олар суға барып, өзгелердің мазасын алмау үшін: "Бізден жоғарылардың мазасын алмас үшін кеменін түбін тесіп, су алайық», - дейді. Егер кеменің жоғары жағындағы адамдар өзгелерге олардың қалағанын жасатар болса, онда кеменің экипажы құрдымға кетер еді, ал егер жоғарыдағылар төмендегілерге кедергі келтірсе, бәрі де қауіпсіздікте болады» (Бұхари).

Пара алмай тұрып, екі мәрте ойланыңыз

6. Әнәс бин Мәлік Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген:

«Жәбір көрсетуші болсын, жәбірленуші болсын - сонысына қарамастан өз бауырыңа көмектес». Сонда адамдар: «Уа, Алла Елшісі,  біз жәбірленушіге көмек көрсетеміз, ал жәбір көрсетушіге қалай көмек көмектеспекпіз?!» - деп сұрайды. Пайғамбарымыз (ﷺ): «Оның қолынан ұстап алыңдар»», - деп жауап берген екен (Бұхари).

Жалғасы бар...

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: