Облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев қаладағы "Тараз-Ғасыр" колледжінде болып, жастармен кездесті.
Кездесу мақсаты – жастар арасында әдеп турасында насихат жұмыстарын жүргізу болды. Дөңгелек үстелде әдептің түрлері, шариғатта әдеп сақтаудың маңызы туралы айтылып, әркім осы тақырып жөнінде өз ойын жеткізе білді.
Шараға қатысушы жастар наиб имамға сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптарын алды.
Облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі