«Жанға жылу сыйла» атты акция жалғасын тауып, Тараз қаласы бойынша зекет қоры өкілі «Құлбай-баба» мешітінің имамы Талғат Асанұлының ұйытқы болуымен күннің суығында жылусыз отырған көп балалы 30 мұқтаж отбасына 3 тоннадан 90 тонна көмір тегін берілді.
11 округ әкімі: «Мынау қыстың суық күнінде бұл таратылған көмек өте орнынды, керек кезіндегі қайрымдылық іс-шара болды» - деп алғысын айтты.
«Кеңесхан қажы» мешітінің
баспасөз қызметі