"Һибатулла Тарази" мешітінде "Мәуліт" дұғасы оқылды

"Һибатулла Тарази" мешітінде "Мәуліт" дұғасы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Міне, әз пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) мәуліт айы келіп еліміздің барша мұсылмандары тілдеріне салауаттарды тиек етіп, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) шапағатынан үміт етіп, сауапты зікірлерін арттыруда. Әрбір мешіттерде мәуліт кештері аталып өтіп, жұртшылыққа пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жайлы өмір деректері мен ұлағатты саралы хадистері оқылып, хабардар етілуде.

Алла Тағала "Ахзаб" сүресiнің 21-аятында: "Расында сендер үшiн Алладан, ақырет күнiнен үмiттенгендер мен Алланы еске алып тұратындар үшiн Расулуллада (Мұхаммед пайғамбарда) әлбетте тамаша өнегелер бар", - десе, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Сендердiң ешбірің менi өз баласынан, әкесінен және барлық адамзаттан артық көрмейiнше (кәміл) иманды бола алмайды», - деген.

Иә, әлемге бақыт сыйлап, жарық сәуле көрсете білген Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) әлем мұсылмандары үлгі алып қана қоймай, өмірін өнеге тұтары хақ. Мұсылманның да өмірдегі басты мақсаты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне сай өмір сүру.

Бүгін қасиетті жұма күні екі дүниенің сардары болған пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туған айы – мәуліт мерекесі құрметіне жылдағы үрдіс бойынша облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешіті жамағатпен бірге қазақша «Мәуліт шәриф» дұғасы оқылып, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар айтылды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің Бас имамы Данияр қажы Жұмабаев мәуліт дұғасы оқылудың алдында айтқан уағыз-насихатында, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ата-тегі, ата-анасы, анасының пайғамбарымызға жүкті болуы, әкесінің ерте дүние салуы, пайғамбардың туылуы, ер жетуі секілді оқиғаларды айта келіп, мәуліт дұғасын оқудың артықшылықтарына кеңінен тоқталды.

Өкіл имам Данияр қажы Жұмабаев "Мәуліт" дұғасын арабша оқыса, "Әулие ата" мешітінің бас имамы Баймаханов Ораз аталмыш дұғаны қазақ тілінде оқып, жамағаттың Алла Елшісіне деген сағынышын бір басқандай болды. Сондай-ақ, Бас имам Данияр қажы мәуліт шәріп оқылған соң дұға жасап, жиналған жамағатқа, еліміз бен жерімізге бақ-береке тіледі. Артынша айтулы мерекенің құрметіне орай жамағатқа құрма жемісі таратылып, дастархан жайылды.


"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: