Діни экстремизм ел болашағына кедергі

Діни экстремизм ел болашағына кедергі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ел болашағына, қазіргі жастарға қауып-қатер тудырып тұрған мәселенің бірі діни экстремизм мен терроризм екені белгілі. Осыған байланысты діни экстремизмнің алдын алу тақырыбы бүгін "Нұр Отан" партиясы Шу аудандық филиалының мәжіліс залында ауданымызға қарасты имам-молдалардың қатысуымен өткен жиында қозғалды. Мәні зор жиын "Нағыз патриоттар" қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Оған Шу ауданының жастары және мектеп мұғалімдері де қатысты.

Жиынды ашқан аталмыш қоғамдық бірлестіктің төрайымы Ғ.Әбітаева діни экстремизм әсіресе, жастар арасында дендеп бара жатқандығын айтып, жаһандану кезеңіндегі сын-қатерлер үдеп тұрған жағдайда, еліміздің басты міндеті діни экстремизммен күресті күшейту керек екенін атап өтті.

Сонымен қатар, жиында болып қайтқан Шу аудандық "Төле би" мешітінің наиб имамы Талғат Кәрібайұлы жиылған жұртшылыққа көптеген мысалдар келтіре отырып, ағымдардың дінімізге, елімізге тигізер зияндары жайында тілге тиек етіп, одан құтылудың жолдары жайында кеңінен түсіндіріп өтті.

"Нұр Отан" партиясы Шу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Әліпбаев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Юлдашбаев, Жамбыл облысы әкімдігі оңалту орталығының Шу ауданы бойынша инспекторы Б.Нұрлыханов және Жастар ресурстық орталығының директоры А.Рахымбаева сөз сөйлеп, пікірлерін білдірді.


Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: