Садақаның не екенін білмейтін қазақ кем де кем. Туған-туыстың арасында біреу қиындыққа ұшырап, ажал аузынан аман қалған кездерінде: «Алла сақтаған екен. Алла тағалаға арнап садақа бер», – деп кеңес береді.
Осындай ниетпен Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің әйелдер-қыздар секторы ұстаздары мен мешіт шәкірттерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық жасалды. Асыраушысы жоқ, көп балалы аналардың мектепте оқитын балаларына қыстық аяқ киімдер берілді.
Барлығымызға Құран мен сүннет жолын ұстанған мұсылман болуды нәсіп етсін!
«Кеңесхан қажы» мешітінің
баспасөз қызметі