Жаназаның апарылуы мен жерленуі

Жаназаның апарылуы мен жерленуі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәйітті қабірге дейін апару – сол мұсылманға ең соңғы жасалған қызмет. Сүннет бойынша, өлікті табыттың төрт жағынан төрт адам ұстап апарады. Он адам ұстау–мұстахап. Жаназаның басы-қасындағылар жолда орынсыз сөйлемеу керек.

Дауыстап зікір айтыл- майды, Құран да оқылмайды. Өлім мен ақыретті ойлайды. Жаназаны қабірге қойған кезде жүзін құбылаға қаратып, оң жағымен жатқызады. Кебіннің бас пен аяқ жағындағы түйіні шешіледі. Мәйіт қабірге қойылып, үсті топырақпен жабылғаннан кейін сол жердегі кісілер қабірдің үстінен үш уыс топырақ алып біріншісінде, «сендерді осыдан жараттық», екіншісінде, «сендерді қайтадан топыраққа қайтарамыз», үшіншісінде, «сендерді тағы да қайтадан топырақтан шығарамыз (тірілтеміз)» аяттарын оқып салу – мұстахап. Қабірдің үйілген топырағының биіктігі нар түйе өркешіндей ғана болғаны жөн.

Қабір екендігі белгілі болсын деп басын тастан тұрғызып, атын жазудың оқасы жоқ. Айналасын қарапайым етіп темірмен қоршауға да болады. Құраннан «Мүлк» сүресі сияқты кейбір сүрелерді оқуға болады. Өлік иесіне көңіл айту, жиі-жиі қабірді зиярат ету – сүннет.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) әр жылдың басында Ухудтағы шейіттерді зиярат етіп: «Әс-Сәламу алайкум бимә сабартум фә ни’мә уқбад-даар» – дейтін. (Сабыр еткендерің үшін сендерге сәлем! Саламатта болыңдар!). Пайғамбарымыз (с.а.у.) мазарға зиярат еткен кезде былай дұға ететін:

ْ َ ال ِح َ قون َ ا ُهلل ِ بُكم َّا اِ ْن شاء َ اِن ُ ِؤمنين و ِ م ْم َ َ قو ْ دار ُكم ْ َ َلي ُ ع َّ الم }الس َة{ َ ُ ْ ال ِعافي َ لَُكم َ و َ ُل ا َهلل لِي ْ ئ اَس

«Әс-сәламу а’лайкум дәрә қауми муминин уә иннә иншаа Аллаһу бикум лахиқун. Әсәлуллоһә лии уә ләкумл-’афиәта» (Ей, мұсылман елінің тұрғындары! Сәлем сендерге. Біз де иншаллаһ сендермен қауышамыз. Алладан өзіме де, сендер үшін де кешірім, ақырет қорқынышы мен қиыншылықтарынан амандық тілеймін). Пайғамбарымыз (с.а.у.) алғашқы кезде қабірді зиярат етуге тыйым салды.

Кейін сахабалар мағрипат дәрежесіне жеткен кезде, мазаратқа зиярат етуге рұқсат берді. «Қабірге зиярат етулеріңе тыйым салған едім. Бұдан былай қабірді зиярат етіңдер. Зиярат сендерге өлімді еске түсіреді». Мәйіт көмілместен бұрын немесе кейін жылауға болады.

Бірақ даусын көтеріп, Аллаға қарсы келетін жаман сөздер айтпау керек. Өйткені, Алла Елшісі ұлы Ибраһим үшін жылаған. Себебін сұраған кезінде ол «Бұл – құлдарының жүрегіне салған Алла Тағаланың рақымы. Рақымды құлдарына ғана Алла рақымдылық жасайды»

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: