Осы күнде кейбір қаракөз бауырларымыздың өзі «Осы дін деген шынымен бар ма екен? Әлде ойдан құралған нәрсе ме?» деп өте қорқынышты ойларын білдіріп жүр екен. Оларға дәлел болсын деп бір кітап жазып шыға алмаспыз. Қасиетті Құрандағы бір ғана хикметті бөлісеміз. Әрі қарай ақылы бар адамдар өздері ойлансын. Алланың рақымы болмаса дүние не боларын.
Шындығында, көктегі құстар да Рахман Алланың мейірімі мен құдіреті болмаса, құламай қалықтап тұра алмас еді. Осының өзі Алланың бар және бір екенін айқын дәлелдеп тұрған жоқ па?
Алланың сөзі Құранда бұл туралы былай баян етілген: «Төбелерінде қаз-қатар тізіліп, қанат қағып ұшқан құстарға зер салып қарамай ма? Оларды әуеде Рахманнан (Алла Тағаладан) өзге ешкім ұстап тұрған жоқ. Күмәнсіз, Ол барлық нәрсені көріп тұрады» («Мүлік» сүресі, 19-аят).
Осыдан артық дәлелдің керегі де жоқ шығар…