Шұғайып (ғ.с.) пайғамбар жайлы не білеміз?

Шұғайып (ғ.с.) пайғамбар жайлы не білеміз?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сөзге шебер (Хатибул-əнбия) [1] Шұғайып пайғамбардың есімі Құранда алты сүреде 11 рет қайталанады.[2]

Шұғайып (ғ.с.) – Мəдиян мен Асһаб-ы Əйка (Əйка тұрғындары) қауымына жіберілген пайғамбар. Кей деректерде Мəдиян халқы сол Əйкə жұртының өзі екендігі айтылады. Мəдиян немесе Əйка қауымы Қызыл теңіз бен Ақабə шығанағында өмір сүрген.

Мəдиян халқының дəулетті саудагерлері əлсіздерді алдап-арбап, олардың заттарын арзанға алып əрі таразыдан жеп пайда көрген. Шұғайып (ғ.с.):

َعل ْیك َ ْم ُ أ اف َخ َ ِّي َوإِن ُ ِبخ َ أ ْیٍر َ َراك َ ِّي إِن م ُ َ َوال یز ِم ْ ان َ ال َ ِمك ْ َیال ْ َ ت ُص نق َ ُ وا َولا ْ إِلـٍه ْیُرُه َغ َ ِّمن َ ل ْ كَ االله اَم م ُ َ ا ْعُبُدوا ق ْ ِ ْوم َ ق َیا ال َ َ مح ُّ یط ِ َیْوم ٍ َعذ ٍ ا َب َ

«Уа, елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа тəңірлерің жоқ.

Сондай-ақ, дұрыс өлшеңдер, таразыдан жемеңдер...»[1] деп талай мəрте ескерту жасап, адалдыққа насихаттаса да, халқы илікпеді. Бұған қоса, жасаған күнəлары аздай «біздің жолымызбен жүрмесеңдер сені жəне артыңнан ілескендерді бұл жерден қуып шығамыз»[2] деп Шұғайыпқа (ғ.с.) доқ көрсете бастады.

Қауымының бұл əрекетіне қамыққан Шұғайып (ғ.с.) Нұх, Худ жəне Салих (ғ.с.) қауымдарының басына келген апат халқымның басына да төне ме деп қорыққандықтан[3]:

ك ِ ین ِر اف َ ق َ ٍ ْوم َ َعل ف آ َسى ى َ ك َ ْیف َ ل َ كَ َ ْحت َص َون ْم ُ أ َ ِت ِر َسالا َرِّبي ُ َ ْبل ت ْغَ ك ُ ْم ُ ل َ ق ق د َ ِ ْوم َ َوق َیا ال َ َ

«Əй, елім! Расында мен сендерге Раббымның нұсқауларын жеткізіп, үгіттедім. Ал қарсы болған елге қайтып жаным ашиды? – деді».[4] Шұғайып (ғ.с.) бекер қауіптенбеген екен, ақыры Мəдиян халқының басына да апат келіп жетті.[5]

Асһабы Əйка деп аталатын екінші қауым орманды жерде өмір сүргендіктен, «Əйка» (қалың орман, ағаш) деген атауға ие болған.[6] Сонымен қатар, əйкалықтардың ағашқа табынғанын,[7] пайғамбарларына мойынсұнбағандығы айтылады. Олар Шұғайыпқа (ғ.с.):

ك ِمَن ی َن ِ ِق ال َّصاد نت ُ ِّمن ا ِء َ ال َّسم إِن َ َ فا ِكس َ ً َعل َ ْین ف اَ َ أ َ ِط ْسق ْ ال ك ْ اذ َ ِبین ِ ل َ َّظ ن ِمَن َ ُ ك ن ُّ ث ِّم َوإِن َ ْ ل ُ ن َبش اَ إِلا ٌر َ َّ أ نت َ َوَما َ

«Сен де біз секілді адамсың. Əрі сені өтірікшілерден деп ойлаймыз. Егер шыншылдардан болсаң, онда үстімізге аспанның бір бөлігін (бір азап) түсір»,[8] – дейді.

Əйкалықтардың басына келген апат былай сипатталған: Жеті күн бойы күннің көзі шойындай балқып, шоқтай қарып тұрды. Осы кезде көкте əлде бір бұлт пайда болады.

Ыстықтан жан сауғалаған Əйкалықтар осы бұлттың көлеңкесін саялап, жан сақтамақ болады. Осы уақытта бұлттан найзағай ойнап, Əйка халқы жермен-жексен болды.[9]


[1] Сəғлаба, Қысас, 146; Нəжжар, Қасас, 189

[2] Абдулбақи, əл-Мужамул Муфаһрас, «Шуғайб» бабы.

[3] «Худ», 11/84 [156] «Ағраф», 7/88

[4]«Ағраф», 7/90; «Худ», 11/89

[5] «Ағраф», 7/93 [159] «Ағраф», 7/91

[6] Елмалылы, Хақ Діні, V/217

[7] Ибн Кəсир, Қасас, 157

[8] «Шуғара», 26/186-187

[9]Бəйдауи, Əнуарит-тəнзил, Мысыр, 1995, ІІ/84

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: