Сабыр еткенге қандай сый беріледі?

Сабыр еткенге қандай сый беріледі?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Салих бин Мұхаммед Анас бин Мәликтен Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Адамның өзін-өзі ұстамауы - сыйдың жоғалу себебі болып табылады. Ал өз-өзіне ие болуы - мол сыйға кенелтеді. Сый мөлшері қайғы көлеміне сәйкес келеді. Ал кімде-кім қайғының тағы да орын алғанын қаласа, Алла оның басына қайғы түскен кездегідей сыйын жаңартады».

Факих (р.а.) былай айтқан: «Ақыл иесі қайғы үшін берілетін сый туралы ойланғаны жөн. Қиямет күні болғанда оның қайғы үшін берілетін сыйға қолын жеткізгені үшін оны әрбір туысы, әрбір баласы жақсы көретін болады. Асылында, егер адам сабырлық танытып, сыйдан үміт етер болса, Алла оның қайғысының жұбанышы болатын сый уәде етеді». Алла Тағала бұл уәде жөнінде Құранда былай айтқан: «Әрине сендерді қayiп-қатер, ашаршылық және малдардан, жандардан сондай-ақ өнімдерден кеміту арқылы сынаймыз, (Мұхаммед F.C сондай жағдайларда) сабыр етушілерді қуандыр» (2:155).

Осыдан кейін Алла Тағала сабырлыларды сипаттай келе, қашан оларға қайғы жетсе, жақсы мен жаманның Алладан екеніне сеніп, былай айтады деген: «Инна лилляхи уа Инна иляйхи раджигун», яғни, «Олар шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әpi Оған қайтушымыз» деді!» (2:156). Алла Тағаланың шешіміне разы болу біздің міндетіміз болып табылады. Егер біз Оның шешіміне разы болмасақ, онда біз Оған қайтып барғанда Алла да бізге разы болмайды. Сабырлылар - олар Аллаға құлшылық ету арқылы Алланың кешіріміне қол жеткізгендер.

Алла Тағала қасиетті Құранда:  «Miнe соларға, Раббылары жақтан жарылқау және мәрқамет бар. Әpi олар тура жолдағылар» (2:157), - дейді.

Ақиқатында Алла Елшісінің (ﷺ) ұлы Ибраһим өлгенде, Алла Елшісінің (ﷺ) көздерінен аққан жасты көрген Абдурахман (р.а.) Пайғамбарымыздан (ﷺ): «Уа, Алла Елшісі, сен жылап отырсың ғой, бірақ өзің бізге жыламаңдар деп тыйым салмап па едің?» - деп сұрайды. Сонда Алла Елшісі (ﷺ) былай жауап берген: «Жоқ, тыйым салмадым, бірақ мен қатты дауыс қойып жылауға, бетін тырнауға, жағаларын жұлуға, әндетуге тыйым салдым. Өйткені әндету қажет емес нәрсе, бұл шайтанның дағырасы. Бірақ жылау – Алла Өзінің мейірімді құлдарының жүрегіне ұялатқан мейірімі. Өзі мейірімділік танытпаған жанға, мейірімділік танытылмайды».

Содан кейін Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Жүрегіміз қайғы жұтуда, ал көздеріміз жылауда, ал өзіміз Аллаға ұнамайтын нәрселерді айтпаймыз».

«Танбихул ғафилин» кітабынан

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: