Балаңыздың келешекте табысты адам болып ержетуі үшін қажетті 18 кеңес

Балаңыздың келешекте табысты адам болып ержетуі үшін қажетті 18 кеңес

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 

  1. Балаңыздың қолынан бір іс келмей жатса да оны қолпаштап, мақтап қойыңыз. Мақтау - оның өз күшіне сенуіне ықпал етіп, үлкен жетістіктерге жетуге дем береді;
  2. Ешқашан балаңыз өзін керексізбін деп сезінбесін. Ешқашан бір балаңызды, бір балаңыздан артық көрмеңіз;
  3. Балаңызбен сөйлескенде оған құрмет көрсете біліңіз. Оған ересек адамға қарағандай қарап, оған алғыс білдіруді ұмытпаңыз. Сыпайы сөйлесіп, дауыс көтермеңіз;
  4. Балаңыздың әлі де болса кішкентай екенін ескеріп, балалық шағынан ләззат алуына мүмкіндік жасап, ойынға уақыт қалдырып отырыңыз, әйтпегенде  ол тілазар әрі бойұсынбайтын болып өсуі мүмкін;
  5. Балаларымыздың өздігінен шешім қабылдап өсуіне үйретуіміз керек. Олар шешім қабылдай алуы тиіс. Бізің мақсатымыз – балалық шақтан бастап дұрыс жолды көрсетіп, шешім қабылдауға бағыттау;
  6. Отбасы үшін маңызы бар шешім қабылдарда балаңыздың пікірін біліңіз. Мысалы үшін, кешкі асқа қандай тағам дайындау, жаңа үйге көшу, қандай түсті машина сатып алу туралы ақылдасыңыз. Бұл балаңыздың ақыл-кеңес бере алуына және өз пікірін қалыптастыруға жетелейді;
  7. Олардың қол жеткізген табыстарына, тапсырған емтихандарына, байқауларда жеңіске жетуіне, оқып үйренуіне шынайы түрде қуана біліңіз де балаңыздың сәттілігін кіші-гірім отбасылық мерекеге айналдырыңыз;
  8. Балаңызды намазға кішкентайынан баулыңыз. Бұл оны намазға әдеттендіреді әрі қиыншылық тудырмайтын болады. Сондай-ақ, намаз ол үшін міндетті болғанда, анағұрлым жеңіл болады;
  9. Балаңызды өзге балалармен салыстырмаңыз;
  10. Балалардың қойған сұрақтарына жауап беріп отырыңыз. Олардың барлық нәрсеге қатысты қызығушылығын тудырыңыз;
  11. Балаңызға берген уәдеңізді әрқашан орындап жүріңіз. Қолыңыздан келмейтін дүниені орындаймын деп сөз бермеңіз;
  12. Балаларымыздың әлдебір топтың бір бөлігі болып өсуіне үйрету аса маңызды. Командалық жұмыс балаларды араласуға, өзара түсіністікке және өзгелерге орын беруге үйретеді;
  13. Өз балаларыңыз үшін дұға жасап жүріңіз;
  14. Балаларыңызды үміт үзбеуге үйретіңіз, олардың өмірінде орын алып тұратын мүмкін болар жеңілістерге дайындап, сәтсіздіктерге төтеп бере алуға әрі осындай сәттерде өзін қалай ұстау керектігін үйретіңіз;
  15.  Егер сіз қателік жіберіп алсаңыз, балаңыздан кешірім сұраңыз, бұл баланы Алла алында тәубеге келуге үйретеді;
  16. Балаларыңыздың жақсы, жағымды қылықтары үшін оларды мақтап, тосынсый жасап отырыңыз. Жақсы нәрсе үшін әрқашан сый берілетінін көрсетіңіз, алайда тым артық кетіп жүрмеңіз, сіздің балаңыздың жақсы амал жасаудағы басты мақсаты сізден сый алу емес, Алла Тағаланың разылығы екенін түсінсін;
  17. Балаларды күнделікті Құран оқуға үйретіңіз, Құранды ұйықтар алдында оқып отырыңыз. Олардың мінез-құлқы ислам аясында қалыптасуын қадағалаңыз;
  18. Балаларыңызға оларды қаншалықты жақсы көретініңізді, олардың қымбат екенін, сіз үшін олар аса маңызды екенін айтып отырыңыз. Балаларды құшақтап, сүйіп отыру сүннет болып табылатынын естен шығармаңыз.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: