Тек қана ер-азаматтар үшін!

Тек қана ер-азаматтар үшін!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тамақ дайын ба? Көк жейдемді үтіктедің бе? Костюмім қайда? Бұл сұрақтарды әйел күн сайын естиді. Әрине, әйелдің басты міндеті де сол – ерінің жағдайын жасау, оның қас-қабағына қарау.

Бір сәт ойланып көрейікші: үй жинау, кір жуу, ас әзірлеу, балаларды мектепке, балабақшаға апарып, алып келу, ата-енесінің жағдайын жасау, қала берді, туған-туыс, дос-жарандардың көңілін таба білу тағысын тағылар… Мұның барлығын – нәзікжанды аналарымыз, әпке-қарындастарымыз атқарады. Өзінің жұмысы тағы бар. Осының барлығына қарамастан қыз-келіншетер ешқашан «шаршадым, енді үй жинамаймын» немесе «болды, ертеңнен бастап кір жумаймын» демейді.

Алла тағала әйел затының жанын нәзік қылғанымен, өздерін қайратты, болаттай берік, төзімді етіп жаратқан. Мұның бәрін әйел адам жасай алмас еді, егер жанында жұбайы, жұбайының бір ауыз жылы сөзі болмаса. Кей кездері ер адамдар әйелінің «әйел» екенін ұмытып кететін сияқты.

Сондықтан, ер-азаматтар! Әйеліңіздің еңбегін бағалай біліңіздер! Жиі-жиі көңіл бөліп, жағдайын сұрап, ризашылығыңызды білдіріп, махаббатыңызды аямаңыз! Әйелдің жанын «сені жақсы көремін» деген бір ғана сөз жылыта алатынын ұмытпаңыз.

Әйеліңізді серік етіп қосқан Аллаға шүкіршілік етіңіз, алғыс айтыңыз. Себебі ол – сіздің өмірлік жарыңыз, жанашырыңыз, досыңыз, сырласыңыз, балаларыңыздың анасы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: