Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты

Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Таң атқан уақытта сол таң намазының сүннетінен басқа ешқандай нәпіл намазы оқылмайды. Хадисте: «Бамдат намазынан бұрын және бамдат намазы кірген кезде, бамдат намазының екі рәкат сүннетінен басқа намаз жоқ» – делінген.

Бамдат (таң) намазын оқығаннан кейін күн шыққанға дейін;

Намаздыгер намазын оқығаннан кейін күн батқанға дейін;

Ақшам намазының парызынан бұрын; Айт намаздарынан бұрын үйде де, мешітте де;

Айт намазынан кейін мешітте;

Арафат пен Муздәлифәда қосып оқыған екі намаздың арасында;

Парыз намазының уақыты бітуге шақ қалғанда;

Парызға тұрып, тәкбір (қамат) айтылып жатқанда оқуға болмайды.

Ал таң намазының сүннеті бұлардан тыс. Яғни, басқа сүннеттерден қарағанда бұл сүннет әлдеқайда маңызды болғаны үшін оқылуға тиіс.

Алла Елшісі былай дейді: «Бамдат (таң) намазының екі рәкат сүннеті дүние мен оның ішіндегі барлық нәрседен артық» – делінген. Жұма күні имам мінберге шығып хұтба оқып, жұма намазы біткенге дейін нәпіл намаз оқуға болмайды.

Хадисте: «Жұма күні имам хұтба оқып жатқанда, мұсылман адам жанындағы адамға тіпті «тыныш» дегенінің өзі қателік» – делінген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: