Ақыретте өкінетін үш адам

Ақыретте өкінетін үш адам

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Зұлқарнайын  әскерімен жолда келе жатып “аяқтарыңа ілінген нәрселерді жинай жүріңдер” деп әмір береді.

Әскерлі бұл әмірді естіген кезде іштерінен бір бөлігі “Көп жүрдік, қатты шаршадық. Түн ішіндеміз, оған қоса аяғымызға ілінген нәрселерді жинап босқа қиналамыз ба, еш нәрсе жинамаймыз” деген шешімге келіп, еш нәрсе жинамайды.

Екінші бөлігі “Қолбасшымыз бұйырған екен, әміріне бағынайық аз ғана болса да жинайық. Өйткені Қолбасшыға қашанда мойынсұну керек” деп аз ғана жинайды.

Үшінші топ болса “Қолбасшымыз ешнәрсені босқа әмір етпейді. Міндетті түрде бір нәрсені біліп айтқан болу керек, әмірін орындаймыз” деп бүкіл қаптарын бетіне дейін толтырады.

Таң атқан кезде бүкіл әскер түнде алтын қойнауынан өткендерін түсінеді. Аяқтарына тиген нәрселердің алтын екенін ешкім аңғармаған екен. Сонда әмірді тыңдамай еш нәрсе алмаған бірінші топ:

— Қап неге алмадық! Қолбасшымыздың сөзін неге тыңдамадық. Ең болмағанда біреуін ағанымызда ғой… - деп өкініп қалады.

Екінші топ болса өз-өздерін сөге бастайды:

— Қап, біраз тағы алуымыз керек еді. Қалталарымызды, қаптарымызды аузына дейін толтырып алуымыз керек еді…

Үшінші топ та өкініп:

— Керексіз, пайдасыз заттарымызды тастағанда бұдан да көп етіп жинайтын едік, - дейді.

Міне осы мысалдағы секілді Ақыретте де барлық адамдар өкінеді. Кәпір болған адам:

— Неге иман етпедім? Сенгенімде ең болмаса жаһаннамға түссем де, иманымның арқасында соңында бәрібір Жәннатқа кірер едім. Мәңгілік тозақтан құтылар едім, - дейді.

Мұсылман болғанымен сауабы аз болған кісі:

— Бұдан да көп сауапты істер жасауым керек еді. Бұдан да көп нығметке қауышар едім, - дейді.

Мұсылман болып, сауабы көп болған кісі болса:

— Қап, бұдан да үлкен дәрежелерге көтеретін көбірек ғибадат жасауым керек еді, көбірек садақа беріп, көбірек ораза тұтып, көбірек сауап жинайтын амалдар жасауым керек еді, - деп өкінеді.

islam.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: