Университетте оқыған қойшы

Университетте оқыған қойшы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ертеде бір қарияның жалғыз ұлы болады. Әкесі оны ешкімнен кем қылмай өсіріп, білім алсын деп сол кездегі ең атақты деген оқу орнына жібереді. Оқуы аяқталып, бірнеше жылдан соң үйіне оралған әкесі ұлының көзіне қарап барлығын ұғады да:

– Балам, не үйрендің? – деп сұрайды.

– Университетте оқытқан барлық ғылымды бес саусағымдай білемін, – дейді баласы.

– Ал университетте оқытпайтын ғылымды үйренбедің бе? Барып, ол жақта не оқытпайтынын біліп кел, – деп қарт баласын қайта жібіреді.

Жігіт ұстазына келеді. Ол шәкіртіне төрт жүз бас қойды алып, тауға баруға кеңес береді. Осылайша жігіт қойшы болады. Ең бірінші ол тыныштық пен үнсіздікке кезігеді. Тілдесетін ешбір пенде жоқ. Уақыт өте келе оқыған ілім-білімінің барлығын ұмыта бастайды. «Мен барлығын білемін» деп кеудесін соққан оның менмендігі мен өркөкіректігі де жоғалады. Қойлар секілді жуас, әрі момын, қарапайым жанға айналады. Сабырлылық пен төзімділікке үйренеді.

Тауда өткізген екі жылынан соң ол ұстазына келеді. Сонда ұстазы: «Университетте нені оқытпайтынын түсінген боларсың», – дейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: