Хазрет Иса Пайғамбар (а.с.) бір күні көшеде келе жатып жап-жас жігіттің аппақ сақалды қарт кісіні тоқпақтап сабап жатқанын байқап қалады. Ұрғанымен қоймай жерге домалатып әрі тепкілейді, бері тепкілейді.
Иса Пайғамбар (а.с.) араша түсу үшін жүгіріп қастарына жетіп барды. Барады да, жігітті тоқтатуға кірісе бастайды. Алайда осы тұста таяқ жеп жатқан қария таңқаларлық сөз айтты: «Тиіспеңіз, уа, Алланың елшісі! Ұра берсін, тебе берсін. Өтінем, тоқтатпаңыз.».
Пайғамбар бұл сөзге таң қалып себебін сұрады. Сонда ақсақал терең бір күрсінді де: «Мен де осыдан біраз уақыт бұрын дәл осы жерде өз әкемды дәл осылай сабағанмын. Мына жігіт – менің ұлым. Әкеме көрсеткенім, алдыма келді, хазрет!». Қария осы сөзді тамағына тығылған өксікпен қосып айтты да, көзіне келген ащы жасын төгіп жіберді.