От пен топырақ

От пен топырақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаратушыға деген сенімнен ада, Құдай жоқ деп парықтайтын біреу діндар бір ғалымға келіп мынадай үш сұрақ қойыпты:

– Алла бар болса маған көрсетші?

– Алла маңдайына жазып қойса, адам неге жаза- ланады? – Шайтан өзі оттан жаратылса тозақ отына қалай күймек? Байсалды қалпын бұзбастан оның сұрақтарын тыңдап болған ғалым жерден бір кірпіш сынығын алып әлгінің басынан бір ұрыпты. Басы жарылған дінсіз бірден биге жүгініпті. Би ғалымнан сұрапты:

– Басынан кірпішпен ұрғаның рас қой?

– Маған үш сұрақ қойған еді. Мен сол сұрақтарына кірпішпен жауап бердім, – депті ғалым.

– Қалай сонда? Таңғалған биге ғалым өз ісінің астарын былай деп түсіндіріпті:

– Біріншіден, «Алла бар болса маған көрсет» деп сұрады. Басының ауырғаны рас болса маған көрсетсін кәне? Екіншіден, «Маңдайына Алла жазып қойса адам неге жазаланады?» деді. Басына кірпішпен ұрылу жазылса, мені неге Сотқа берді?

Үшіншіден, «Өзі от- тан жаратылған шайтанға тозақ оты қалай әсер етеді?» деп сұрады. Оған да жауап бердім: Өзі топырақтан жа- ратылса топырақ кірпіш оған қалай әсер етті? Қисынды жауапты естігенде сот ғалымды еркіне қоя беріпті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: