Әйел жамағатына мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімі үйретілді

Әйел жамағатына мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімі үйретілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Ар-Рахман, Ар-Рахим» мешітінде мәйітті жуындыру және кебіндеу рәсімімен таныстыру сабақтары өтті, деп хабарлайды орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі.  

«Ар-Рахман, Ар-Рахим» мешітінің ұстазы Айдарова Зора жиналған әйел жамағатына ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының мазмұнына бойынша қысқаша шолу жасап, мәйітті жуындыру мен кебіндеу рәсімдерінің әрқайсысына жекелей тоқталып өтті және қуыршақ арқылы мәйітті жуындыру тәртібін іс жүзінде көрсетті.

Соның ішінде, адамға ажал сәті тақағаннан иманын үйіріп, оған кәлима сөздерін қайталап отыру сынды әдеп-амалдар, мәйітті жуындыру кезінде сақтық шараларын ескеру, мәйіттің әуретіне қарамау, ерді ер, әйелді әйел адамның, мүмкін болса ет-жақындарының жуындыруы, мәйітті кебіндеу, жерлеу рәсімдерінің реттілігі, жаназа намазы туралы егжей-тегжейлі айтып, түсіндірілді. Сондай-ақ, діни жоралғылардың дәстүрмен сабақтастығы туралы да қамтылды.

Танымдық дәрісті дәптерлеріне тапжылмай жазып отырған қатысушылар тақырып аясында қосымша сауалдар жолдап, өздеріне қажетті мол мағлұмат алды. Сауат ашу курсының оқыту бағдарламасында қамтылған тақырып толықтай ашылды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: