Шәкірттер ұстаздарға құрмет көрсетті

Шәкірттер ұстаздарға құрмет көрсетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Тараз қаласындағы «Ар-Рахман, Ар-Рахим» мешітінде ұстаздар күніне орай мешіт шәкірттері ұстаздарға құрмет ретінде дастархан жайып, құрмет көрсетті.

Келелі кездесуде орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Алдасаева Гүлжан Исламдағы білім алудың артықшылығы мен маңызы туралы уағыз айтып, жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Әсерлі басқосудың соңында ұстаздар өздеріне көрсеткен құрметтері үшін шәкірттерге риза болып, алғыстарын жеткізді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: