Жамбыл облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторы «Һибатулла Тарази» мешітінде кезекті сенбілік уағыздар өткізді.
Аталған жиында «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстаздары Алдасаева Гүлжан «Мухаррам айының қасиеті» тақырыбын, Жапек Ғалымбек «Аманат», Амреев Бақтияр «Сабыр», Маханбетова Ләззат «Ата-ананың балалары алдындағы міндеті» тақырыбын қозғап, түрлі ғибратты дүниелер айтылды.
Алла үйіне үгіт жиналған тыңдауға жиналған əйелдер жамағаты көкейкесті сауалдарын қойып, мардымды жауаптар ала алды. Игі дəстүрге айналған апталық уағыз көпшілікке рухани азық болып, діни сауатына білім қосқанды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі