Күн өткен сайын Алланың жалғыз Жаратушы екенін мойындап, асыл дініміз исламның құндылықтарын сезіне білген жан исламды қабылдап, иман шуағымен сусындап, мұсылман бақытына ие болып жататынын байқап жүрміз. Сондай бір оқиға Байзақ аудынында орын алып отыр.
Аудандық «Байзақ баба» мешітінде ауданның тұрғыны Эльчипарова Гүлнара есімді азаматша ислам дінін қабылдады.
Гүлнара ханымға «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Каримбаев Айбек исалам дінің шарттарын түсіндіре отырып, исламның бейбіт дін екенін, кез келген адам ислам дінінің құңдылықтарын сезіне отырып Алланың бір екенін, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) ақиқи елші екеніне толыққанды тілмен айтып жүрекпен бекітудің маңыздылығына тоқталып, калимасын айтқызды.
«Байзақ баба» мешітінің баспасөз қызметі