Қордай ауданының бас имамы Д.Жандосұлының ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы» жылы аясында қарттар күніне орай мешітіміздің әйел ұстазы Есімкараева Эльмира өз шәкірттерімен қарттар үйінде болып қайтты.
Адамзаттың берекесі болған қарттарды құттықтап, мерекелік көңіл күй сыйлау үшін арнайы дайындаған мерекелік бағдарламаны ұсынды. Қарт әжелерге арнайы сый сияпаттармен құрмет көрсете ақжарма тілегін айтты. Бағдарлама соңында ақсақалдармен ақ жаулықты аналарға арнайы дастархан жайылып, іс шара ас үстінде жалғасын тапты.
Әрқайсысы құрмет пен сияпатқа ие болған қариялармен әжелер де өз кезегінде имамдарға, мешіт қызметшілеріне алғыс айтып, ақ баталарын берді.
Аудандық «Қордай» мешітінің Баспасөз қызметі