Омар (р.а.) халифа болған кездерінің бірінде халықтың алдына шығып: «Уа, адамдар! Мен қателік жасасам не істейсіңдер?» – дейді.
Жиналғандардың арасынан мінез-құлқы Омардың (р.а.) өзіне ұқсайтын бір кісі қылышын көрсетіп, қобалжып тұрып: «Біз сені қылышымызбен түзетеміз», – деп жауап береді. Бұл жауапты естіген Омар (р.а.) екі алақанын жайып: «Мені түзететін адамның бар болғанына Аллаға шүкір» – деп дұға етеді.
Міне, дәл осы секілді, әрбір адам өз қателігін, кемшіл тұстарын білуі және онымен күресуі тиіс. Өзгені емес, алдымен өзін сынауы қажет.