Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Негізінде, қара дәнде «сәмнен» басқа барлық дертке шипа бар», – дегенін жеткізген. «Сәм» деген – өлім, ал «қара дән» – қара зире. (Сахих Муслим).
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қаншама ғасыр бұрын айтып кеткен бұл өсімдіктің пайдасы қазіргі таңда дәлелденіп, ол көптеген жерде – асханадан бастап медицинаға дейін қоданылады:
-асқорыту жүйесін жақсартуда
-асқазан-ішек ауруларын емдеуде
-тұмау, суық тигенде
-бас ауруларында
-түрлі тері ауруларында
-жүрек-қантамырлары ауруларында
-қанайналымды жақсартады
-гемоглобинді көтереді
-көру қабілетін арттырады
-қаратайғанда ақыл-ойдың анықтығы мен көздің жақсы көруін сақтау үшін
-яғни, «өлімнен басқа» дерттің барлығына дауа.
Бұл өсімдіктің дәнін майдалап, 1 шай қасығын ыдысқа салып, үстіне қайнаған су құйып демдеп, күніне 2 рет ішуге, дәндерін қуырып, өсімдік майымен араластырып қолдануға, дән қайнаған судың буын жұтуға, майдалап, бал араластырып, шайға қосып ішуге болады. Тек мөлшері мен қарсы көрстетілімдерін біліп алған жөн.