Ананың ақ сүті

Ананың ақ сүті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Алқамә Пайғамбардың көзі тірісінде құлшылыққа жан тәнімен берілген, садақаны көп үлестіретін өте бір ізетті, иманды жас жігіт еді. Бір күні аяқ астынан ауырған Алқамә төсек тартып жатып қалды.

Ауруы әбден меңдеп, өлетін халге жеткенде, тілі куәлік сөзге келмей күрмеле берді. Оның қатты қиналғанын көрген сахабалар пайғамбарға жүгіріп мән-жайдан хабардар етті. Пайғамбарымыз бірден әлгі жігіттің шешесін шақыртты.

– Алқамә қандай еді? – деп сұрады. Әйел:

– Балам көп намаз оқитын, көп ораза ұстайтын, садақаны көп тарататын, – деп жауап берді. Пайғамбарымыз бұл жолы сұрақты төтесінен қойды:

– Сізбен қарым - қатынасы қалай еді? Әйел:

– Іштен шыққан балам ғой деп қанша кешіріммен қарағаныммен, мені ренжітетін кездері көп еді. Оны айтып отырған себебім, көбіне әйелін жақтап, маған қарсы шығатын, – деген кезінде, пайғамбар:

– Анасының реніші баласының тілін күрмеп тұр екен. Қане, отын жинаңдар, Алқамәні тірідей отқа жағамыз, – деп маңайындағыларға бұйырды. Ана байғұс бірден жанұшырды:

– Қажеті жоқ. Ба- ламды жаға көрмеңіз, – деп жалынғанда, пайғамбар салиқалы түрде:

– Алла тағаланың о дүниедегі аза- бы балаңыздың қазіргі тартып жатқан азабынан да қатты болмақ.

Егер Алла ұлыңыздан разы болсын десеңіз, сіз де аналық ақ сүтіңізді кешіп, ұлыңызға деген бар реніш-өкпеңізді қойып, онымен ризалықпен қоштасыңыз, – деді. Әйел байғұс разылығын айтып, күбірлеп кешірген сәтте баласының да кәлимаға тілі келіп, өмірден озған еді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: