Ер мен әйелдің қол алысып амандасуына шариғат не дейді?

Ер мен әйелдің қол алысып амандасуына шариғат не дейді?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ерлер өз араларында, әйелдер өз араларында амандасып, одан кейін қол алысулар сүннет екендігінде ауызбірлік бар. Айтылған сәлемнің алынуы – уәжіп.

Хақ пайғамбардың қол алысуға ынталандырған хадистер бар. Оның әр кездескенде қол алысқаны, қол алысуды екі қолмен алғандығы және қолын берген адам жібермейінше жібермегендігі айтылған.

Кейбір хадисте қол алысудың сәлем беріп амандасудың толықтырушысы екендігі айтылады. Басқа бір хадисте: «Екі мұсылман кездескен кезде қол алысатын болса күнәлары кешіріледі».

Басқа бір хадисте «қолдар арасынан күнәлары төгіледі» қосымшасы бар. Қол алысуға үйлену харам болған жақын туыстары кіреді. Әйелдер өздерімен қол алысумен қатар бала, немере, әке, ата, жиен, нағашы, еркек бауыры, үлкен немере аға, үлкен нағашы, күйеу бала, сүт бала, өгей бала, сүт әке сияқты ата-тегі яки сүт туыстарымен қол алы- са алады.

Фитнә (бүлікке арқау) болмау үшін әйел осы жақындарының арасында кейбір адамдардан алыс тұрғаны абзал. Күйеу бала, сүт туыстары және жас өгей ана осы қатарға жатады. Кейде фитнә жоқ болса кәрі әйелдермен амандасуы- на болады.

Әбу Бәкірдің кәрі әйелдермен қол алысқаны және Абдуллаһ ибн Зүбейір науқастанған кезде кәрі әйелді қызметші етіп алғаны бар.

Исламда киіну түрлері Қарт әйелдердің сыртқы киімдерінің кейбірін шешуге болатыны туралы аят онымен қол алысуға болатындығын дәлел етіп көрсеткен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: