Бұл аяттарды оқығанда сәжде жасау қажет

Бұл аяттарды оқығанда сәжде жасау қажет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әдетте, «тиләуәт» сөзін Құран оқу жайлы айтқанда қолданады. Құранда сәжде аяттарының саны 14:

  1. «Ағраф» сүресі, 206-аят
  2. «Рағыд» сүресі, 15-аят
  3. «Нахыл» сүресі, 50-аят
  4. «Исра» сүресі, 109-аят
  5. «Мәриям» сүресі, 25-аят
  6. «Хаж» сүресі, 18-аят
  7. «Фурқан» сүресі, 60-аят
  8. «Нәмл» сүресі, 25-аят
  9. «Сәжде» сүресі, 15-аят
  10. «Сад» сүресі, 24-аят
  11. «Фуссилләт» сүресі, 37-аят
  12. «Нәжм» сүресі, 62-аят
  13. «Иншиқақ» сүресі, 20-аят
  14. «Аләқ» сүресі, 19-аят

Бұл аяттарды оқығанда немесе естігенде сәжде ету – уәжіп болып табылады.

Тиләуәт сәждесі қалай жасалуы тиіс?

Тиләуәт сәждесін жасайтын адам дәрет алып, (әурет жерлері жабық болуы тиіс), ниет етеді. Содан соң құбылаға қарап екі қолын көтермей «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады. Үш рет «Субхана рабиал-ала» деп айтқан соң қайта «Аллаһу әкбар» деп орнынантұрады. Ал осыдан соң «Ғуфранәка раббанә уә иләйкал-масир» деп айту – мұстахап.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (6)

Оқи отырыңыз: