Иран криптовалютаны дамытатын болады

Иран криптовалютаны дамытатын болады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иранда криптовалюта өндірісі дамытуды қажет ететін сала болып табылады. Бұл жөнінде Иранның киберкеңістік бойынша Жоғарғы кеңесінің хатшысы Абольхасан Фирузабади мәлімдеген.

Оның айтуынша, криптовалюта өндірісі виртуалды валюта секторының маңызды саласының бірі болып табылғандықтан, криптовалюта жүйесінің көптеген ойыншыларын өзіне тартады, сол себепті жуырда елде криптовалюта өндірісін заңдастыратын платформа пайда болады.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың сәуір айында Иранның Орталық банкі барлық басқа банктер мен қаржы институттарына криптовалютаның кез-келген түрлерін пайдалануға тыйым салған болатын, өз кезегінде, Орталық банк бұл әрекетін биткоин және криптовалюта «ақшаның ізін жасыруға және лаңкестерді қаржыландыруға» қолданылып кетуі мүмкін деп түсіндірген болатын.

 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: