Біріккен Араб Әмірлігінің тұрғындары ел шегінен тысқары жерлерде әлемнің басқа елдерінің тұрғындарына қарағанда халал туризм үшін көп қаражат жұмсайтын көрінеді.
Дубайдың сауда-өнеркәсіп палатасының есептемесіне сілтеме жасай отырып, «Русские Эмираты» ресурсының мәлімдеуінше, бұл деректер Mastercard төлем жүйесі мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің мәліметіне негізделген. Құжатқа сай, 2017 жылы БАӘ тұрғындары халал туризмге 17,6 миллиард доллар жұмсапты.
Халал саяхат әуесқойлары тізімінің екінші орнын Сауд Арабия тұрғындары иеленген, олар осы кезең аралығында шамамен 16 миллиард доллар жұмсаған, ал үшінші орынға – 10,5 млрд доллар жұмсаған Кувейт тұрғындары жайғасқан.
Сондай-ақ, есептемеде қазіргі таңда халал туризм индустриясының көлемі 181 миллиард долларға жеткен және 2020 жылға таман бұл көорсеткіш 221 миллиард долларға жетеді деп күтілуде. 2017 жылы әрбір мұсылман турист орташа есеппен алғанда 1 381 доллар жұмсаған екен.
asyldin.kz