САК оқу-ағарту министрлігі мәлімдегендей, бұдан былай оқу күндерінің 30% қатыспаған балаларға жәбір көрсетілген деп квалификацияланатын болады әрі олардың ата-аналары абақтыға қамалуы мүмкін.
Балаларын мектептен қалдыратын ата-аналардың ісі прокуратураға беріліп, ал аталмыш ведомствоның өкілдерінің айтуынша, балалардың білім алуға деген құқығы заңмен кепілденетін болады, сол себепті мұндай ата-аналар ең қатаң жазаға тартылады.
Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырған. Ғаламтор қолданушыларының жартысы сауд үкіметінің мұндай шешімін құптап жатса, алайда мектептен қалу енжарлығын балаларды жәбірлеуге теңеу – артықтау қатал шара деп айтқандар да табылған.
asyldin.kz