Ұлы шейх Абдул-Қадир Гейләни (р.а.) былай айтқан: «Алла Тағаланың бізге нәсіп еткен нығметтері үшін шүкір етуіміз керек. Шүкір етудің үш түрі бар. Олар: тілмен, жүрекпен және барлық мүшемен шүкір ету».
Тілмен шүкір ету.
Тілмен шүкір ету – жаратылған дүниелердің бәрі де Аллаға тән деп мойындауда. Сізге жақсылық әкелетін жолдардың бәрі Алладан екендігін жете түсіну керек. Барлығын Беруші, барлығын Жаратушы, барлығын Жасаушы, барлығын Жеткізуші – Жаратушы Жалғыз Алла.
Алла - бәрінен де шүкір айтуға лайық. Кімге алғыс айту керек? Кім сізге сыйлық бергенге ме әлде кім сізге оны беріп жібергенге ме? Алла Тағалаға құрмет пен алғысымызды білдіруге тиіспіз. Ақиқаттың мәнін көрмей, тек үстіртін ойлайтындар надандар болып саналады.
Жүрекпен шүкір ету.
Жаратылған пенденің бойында бар барлық ішкі, сыртқы нәрсе немесе оның амалдары – мұның бәрі де Алланың мейірімі екенін түсіну қажет. Жүрекпен шүкір ету – осыған сену, осыған иман келтіру және осыған іштей құштар болу.
Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан:
وَمَا بِكُم مِّن نِّعْمَةٍ فَمِنَ اللّهِ ثُمَّ إِذَا مَسَّكُمُ الضُّرُّ فَإِلَيْهِ تَجْأَرُونَ
«Сендердегі әр нығмет Алладан. Сонан кейін сендерге зиян жетсе, сонда оған жалбарынасыңдар» (16:53).
Сондай-ақ, тағыда мынадай бір аят бар:
أَلَمْ تَرَوْا أَنَّ اللهَ سَخَّرَ لَكُم مَّا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الْأَرْضِ وَأَسْبَغَ عَلَيْكُمْ نِعَمَهُ ظَاهِرَةً وَبَاطِنَةً وَمِنَ النَّاسِ مَن يُجَادِلُ فِي اللهِ
بِغَيْرِ عِلْمٍ وَلاَ هُدًى وَلاَ كِتَابٍ مُّنِيرٍ
«Көрдіңдер ме? Рас Алла (Т.) сендерге көктердегі, жердегі нәрселерді бой ұсындырды. Және сендерге көрнеу, көмес нығметтерін толықтасырды. Сонда да ешбір білімі, тура жолы не нұрландырушы кітабы болмаған кейбір адамдар, Алла жайында таласады» (31:20).
Барлық ағзамен шүкір ету.
Адам өз бойындағы барлық дене мүшелерін Аллаға құлшылық етуге пайдаланады. Бұл нәпсінің, шайтанның жетегінде кетпеу және Алланың бұйрықтарына қайшы келетіндерге бойұсындырмайды.
Қасиетті Құранда Алла былай айтқан:
إِنَّمَا تَعْبُدُونَ مِن دُونِ اللهِ أَوْثَانًا وَتَخْلُقُونَ إِفْكًا إِنَّ الَّذِينَ تَعْبُدُونَ مِن دُونِ اللهِ لاَ يَمْلِكُونَ لَكُمْ رِزْقًا فَابْتَغُوا عِندَ اللهِ الرِّزْقَ وَاعْبُدُوهُ وَاشْكُرُوا لَهُ إِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
«Алладан өзге табынғандарың, сендерге ризык бере алмайды. Онда ризықты Алланың қасынан іздеңдер. Оған құлшылық қылыңдар да Оған шүкір етіңдер. Сол жаққа қайтарыласыңдар» (29:17)
Сонымен қатар, былай да айтылған:
وَلَقَدْ آتَيْنَا لُقْمَانَ الْحِكْمَةَ أَنِ اشْكُرْ لِلَّهِ وَمَن يَشْكُرْ فَإِنَّمَا يَشْكُرُ لِنَفْسِهِ وَمَن كَفَرَ فَإِنَّ اللهَ غَنِيٌّ حَمِيدٌ
«Рас Лұқманға шүкірлік етуі үшін даналық бердік. Кім шүкір етсе, өзі үшін шүкір етеді. Ал кім нәсүкірлік етсе, сонда да Алла мұңсыз, мақтауға!» (31:12)
Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан:
«Кімде-кім «СубханАлла» десе – он сауап.
Кімде-кім «Лә иләһә ил Аллаһ» десе – жиырма сауап.
Кімде-кім «Әлхамдулиллә» десе – отыз сауап».
Ұлы Имам Әл-Ғазали (р.а.) былай айтқан:
«Егер келесі сөздерді тек тілмен ғана айтар болсаңыз, онда оның мәні мен мағынасы сіздің жүрегіңізге ұяламағаны, ендеше сол үшін сауап аламын деп ойламаңыз. «СубханАлла» - Алланы дәріптеу үшін қолданылады, яғни Алла барлық кемшілік атаулыдан ада дегенді білдіреді. «Лә иләһә ил Алла» - бірқұдайылықты білдіреді. Ал «Әлхамдулиллә» - өмірде бар барлық нығметтің Алла Тағаладан екендігіне куәлік береді. Осының бәріне ой жүгіртіп, жете түсіну қажет».
asyldin.kz