Бірде Имам Ағзамға бір сатушы әйел киім алып келеді. Имам Ағзам бағасын сұрағанда әйел жүз дирхам тұратынын айтады. Ол әйелге: «Жоқ, бұл киім одан қымбат тұрады», – дейді.
Сатушы бағасын үш жүзге көтереді. Имам Ағзам тағы да бағасының жоғары тұратынын айтады. Әйел: «Уа, Имам! Сіз мені мазақ қылып тұрсыз ба?» – деп таңданады.
Киімнің нақты бағасын білу үшін сауда саласындағы жақсы бір маманды шақырады. Ол киімді 500 дирхамға бағалайды. Сөйтіп, Имам Ағзам киімді осы бағаға сатып алады.
Себебі ол өтірік айтудың, сауда жасағанда тауардың кемшіліктерін жасырып қалу, заттың бағасын кемітіп төлеу, таразыда тура тартпаудың Ақыретте өте қиын жағдайға апаратынын жақсы білетін…