Шындықтың құдіреті

Шындықтың құдіреті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір қатігез әкім бар еді. Осы әкім бір күні қызметшілерін жіберіп рухани алып, әулие кісі Хасан Басриді ұстатпақ болды. Ол кезінде шәкірті болып, дәрістерін тыңдаған Хабиб-и Ажемидің күркесіне барып жасырынды. Әкімнің адамдары келіп қатуланып:

– Хасан Басриды көрдің бе? – деп сұрады. Хабиб-и Ажеми болса:

– Иә, – деді жай ғана. – Қайда ендеше? – Міне, мына күркемнің ішінде отыр... Қызметшілер күркеге кіріп Хасан Басриды іздегенмен таба алмай сыртқа шығып:

– Әй, ақсақал, неге өтірік айтасың? – деп дүрсе қоя берді. Хабиб-и Ажеми:

– Жоқ, мен өтірік айтқан жоқпын. Өздерің көре алмасаңдар, мен қайтейін? – дейді. Олар қайта ішке кіріп, алақандай күрке ішін қанша қарағанмен, бұл жолы да таба алмады. Әкімнің жандайшаптары кеткеннен кейін күркеден шыққан Хасан Басри:

– Ей, Хабиб! Сенің құрметіңе бола Алла тағаланың мені әлгілерге көрсетпегенін білем. Алайда менің орнымды неге айттың? Ұстаздық ақымды ескермегенің қалай? – дейді ренішпен. Сонда Хабиб ұялған пішінде:

 – Әй, ұстаз! Сізді таба алмаулары менің құрметіме бола емес, қайта шындықты тура айтқандығымыздан болса керек. Өйткені шыншылдардың көмекшісі Алла тағала емес пе?! Егер жалған айтқанымда дердектетіп сізді де, мені де алып кетер еді, – деген екен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: