Бүгін Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Жұмабаев Данияр қажының басшылық етуімен аудан және қала бас имамдарының кезекті жиналысы өтті.
Жиында аудан және қала мешіттерінің қасиетті Рамазан айында атқарған іс-шараларының есебі тыңдалып, алдағы уақыттағы жоспарлар талқыланды.
Өкіл имам Данияр қажы Әлимұхамедұлы қасиетті Рамазан айын абыроймен атқарып, халықтың көңілінен шыға білген барлық аудан, қала бас имамдарына, мешіт ұжымына алғысын айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі