Қиын-қыстау кезде ел мүддесі үшін, өзінің қара басын құрбан еткен, кезіндегі қайраткерлеріміздің баршасы дерлік медресе көрген немесе ауыл молдасынан сауатын ашқан.
Қазіргі уақытта да еліне, ұлтына адал қызмет ететін жастарды тәрбиелеуде дініміздің алатын орны орасан зор. Осы мақсатта еліміздің мұсылмандарының қара шаңырағы ҚМДБ-ның атқарып жатқан шаралары көп. Сол мақсатта Шу қалалық «Жәми» мешітінің бас имамы Үрпеков Қуат мырзаның ұйытқы болуымен мешітіміздің ұстазы және Алматы қаласындағы «Әбу Ханифа» медресесінен келген екі шәкіртпен жұмылып, мектеп жасындағы ұл-қыздарға арналған жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастап кетті.
Балалардың оқуға деген ынталарын сөндіріп алмас үшін арнайы қызықты бағдарламалар атқарылады. Сауат ашу курсында балалар негізгі діни мәлімет алып шығады.
«Жәми» мешітінің Баспасөз қызметі