Кемшілік кімде?

Кемшілік кімде?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ахмет Рафи бір күні шәкірттерінен:

– Менің кемшілігімді байқаған адам болса айтсын, – деп өтініпті. Сонда шәкірттерінің бірі тайсалмастан:

– Ұлы ұстаз, сізде мен байқаған үлкен бір кемшілік бар, – депті. Өз кемшілігін шәкірттерінен сұрауға арланбайтын өте кішіпейіл ұстаз шәкіртінің бұл сөзіне қабақ шытпа- стан сол кемшілігін түзетпек ниетпен:

– Иә, айта ғой, – дейді жай ғана, – ол қандай кемшілігім? Көзі жасқа шыланған шәкірті сонда:

– Біз секілді лайықсыз жандардың сізге шәкірт бо- луы, – дейді. Әлгі шәкірттің бұл сөзін естігендер тегіс жылапты.

Ахмет Рафи да көз жасына ерік беріп еңкілдеп жылаған күйі: – Мен сендердің қызметшілерің ғанамын, мен бәріңнен де төменмін, – деген екен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: