Аудандық «Қордай» мешітінде қасиеті мол Қадір түні қарсаңында, жөндеу жұмыстары аяқталып, мешіт ерекше безендіріліп, айт күнгі мерекеге де дайындығы жасалынды.
Атап айтар болсақ мешіт ауласында тұрған «сақалды» құрылысқа айналған бастырма толығымен қайта жасалынып, мешіт ауласында ұзындығы 22, ені 18 метр бастырма бой көтерді. Бастырма астында қадір түнін өткізу жоспарлануда. Сүйсінген жамағат тарауих намаздарында жаңа ғимарат ішінде оқып үлгерді.
Қосымша мешіттің орталық көшеден бастау алған бас қақпадан, бастап мешіт ауласы түрлі түрлі (брюсчатка) тастармен көмкерілді. 2000 шаршы метр болған түрлі түсті тастар мешіт ажарын ерекше аша түсті. Мешіт ауласында қосымша 3 гүрзарлар орнатылса, ең үлкен гүлзар 8 бұрыш формасында болып, әртүрлі гүлдер отырғызылып, қосымша шам жарықтар орнатылды.
Мешіт тек күндіз ғана емес, түнде де аудан орталығының ажарын ашу мақсатында және қадір түні құрметіне мешіттің мұнарасына, күмбезіне және қабырғаларына түрлі түс беретін шамдар орнатылды. Түнгі көрісініс те мешіттің ерекше сән-салтанатын паш етуде.
Бұрынғы келбетінен біршама өзгерген, ішіне ізгіліктің сәулесі шашылып тұрғандай жарқыраған кең ауланы көріп, көз тойдыра алмаған жамағат бас имам Д.Жандосұлына шексіз разылығын білдірді. Ісіне берекет тілеп, үлкендер ағалық ақ батасын беріп жатты.
аудандық «қордай» мешітінің
баспасөз қызметі