Жамбыл облысындағы діни білім ордасы "Һибатулла Тарази" медресесі бірнеше жылдар бойы шәкірттерді тәрбиелеп келеді. Білімді де білгір мамандарды даярлайтын оқу орны биыл 4-ші түлектерін ұясынан ұшырғалы отыр.
Осыған орай, оқуды тәмәмдаушы 3 курс студенттері Құран, Араб тілі, фиқһ пәндері бойынша емтихан тапсырды.
Сынақты комиссия төрағасы "ҚМДБ-ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, осы медресенің директоры Данияр қажы Жұмабаев, және медресенің директор орынбасары Бақытұлы Нұралы қабылдады.
Шәкірттер емтиханды сәтті тапсырып, жақсы деген көрсеткіш көрсетті.