Аудандық «Қордай» мешітінде бастау алған «Оразадан байғазы, қадір түнінен қайырым» атты қайырымдылық шарасы, өзінің тиісті жалғасын бас имам Д.Жандосұлының ұйымдастырумен ауылдық елді мекендерде тапты.
Ауылда қоныс тепкен асыраушысынан айырылған, аз қамтамасыз етілген 10 отбасыларға Сарыбұлақ, Қақпатас, Әлжан ана, Қаракемер, Алға, Өтеген және т.б ауылдық мешіт қызметкерлері түрлі азық-түлік бумалары мен қаржылай көмек көрсетті. Аудан бойынша өткен игі іс-шараға бұқара халық өз разылықтарын жеткізуде.
аудандық «Қордай» мешітінің
бапасөз қызметі