Алтынға баланған ақырет

Алтынға баланған ақырет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Зұлқарнайн (а.с.) бір түні жолда кетіп бара жатып жасағына:

– Аяқтарыңа тиген нәрселерді тегіс жинаңдар! – деп бұйырады. Қолбасшының әмірін естігенде әскерлердің бір тобы:

–Онсыз да көп жүріп шаршадық. Түннің бір уағында аяқ астындағы тастарды жинап өзімізге жүк қып қайтеміз.

Ештеңе де жинамай-ақ қояйық, – деп бірауыздан келісіп алғандай тырп етпейді. Екінші топ болса:

– Қолбасшы бұйырған екен, ең болмаса аз-аздан болса да жинайық. Әмірін тыңдамағанымыз жөн бол- мас, – деп азырақтан болса да жинайды. Ал үшінші топ болса: – Қолбасшы бекерден-бекерге ондай әмір берме- ген болар. Не болса да бір білгені бар шығар, – деп бүкіл көліктеріне көтергенше тиеп алады. Таң атқанда қараса, түнімен жүріп өткен жердің алтыны көп жер болғандығын байқайды. Кешегі аяқтарының астындағы нәрселер сол күйі сом-сом ал- тын болғандығын білгенде жерге иіліп еш нәрсе іліп алмаған бірінші топ:

– Қап, әттеген-ай! Қолбасшының сөзін тыңдамағанымызды қарашы?! Шіркін, ең құрығанда біреу болса да алғанымызда ғой, – деп өкінішпен сан соғып қала береді. Азырақ алған екінші топ болса:

– Бұдан да көбірек алмағанымызды қарашы, қойны-қонышымыздың бәрін де толтырып алатын жөніміз бар еді, – деседі мұңайып. Ал көп алған үшінші топ болса:

– Шіркін, керексіз киім-кешек, заттардың бәрін тастап, ат-көліктің бәріне көтергенінше бұдан да көп тиегенімізде ғой, – деп, онсыз да көп алғандарына қарамастан, іштей көңіл толмайтындықтарын білдіреді. Міне, жоғарыдағы мысалдағыдай ақыретте де адамдар арасында осы секілді көріністер жиі кезде- спек. Кәпірлер:

– Шіркін, иманға келіп, ең құрығанда мәңгілік тозақ отынан құтылып, түптің түбінде жұмаққа бара алғанымызда ғой, – десіп таусылмас өкінішпен сан соғады. Сауаптары азырақ болған мүминдер:

– Шіркін, тіршілігімде көбірек сауапты іс жасау- ым керек еді, – деседі. Ал сауабы көп мүмин болса:

– Шіркін, қазіргі дәрежеме одан да артық дәреже қосатын көбірек намаз оқып, ораза ұстап, одан да көбірек сауап іс жасағанымда ғой, – деп ол да тамсанады екен. Алла тағала осы мысалдан бәрімізге сабақ алуды нәсіп етсін!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: