«Хилфул-фудулдың» жақсылығы

«Хилфул-фудулдың» жақсылығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Исламға дейінгі кезеңде Араб түбегінде Фадл ес- імді аттас үш кісі жиналып, қиянатқа ұшырағандардың залымдардан кегін қайтару, өзара әділдікті үстем ету мақсатында ант берісіп қол алысқан.

Кезінде пайда болғанмен кейіннен ұмыт бола бастаған бұл ұйым Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кезінде қоғамның қайта жамандықтарға бой алдыра бастауын ауыздықтау мақсатында Құрайыштың алдыңғы қатарлы адамдары тарапынан қолға қайта-қайта алынған. Олар ұйымды тұңғыш құрушылардың атын ескеріп «Фадылдардың немесе абзал кісілердің анты» мағынасын білдіретін «Хилф-ул фудул» деп қойды.

Ол кезде Пайғамбарымыз жиырма бір жас шамасында болса да, осы ұйымның мүшесі еді. Кейіннен қайта құрылса да бұл ұйым о бастағы түпкі мақсатынан ауытқымаған. «Хилфул-фудулдың» ең бір белсенді кезінде мы- надай бір оқиға болған. «Хасам» тайпасынан бір кісі бойжеткен қызымен бірге Меккеге келеді.

Қызы көзтартарлық сұлу еді. Әкесімен қалаға келген әдемі бойжеткенге көзі түскен Мекке ақсүйектерінің бірі Нұхайл ибн Хажжаж оны  әкесінің қорғаштағанына қарамастан алып қашты. Ха- самнан келген қыздың әкесі болса, күйініп: – Ана бір есерсоқты алдыма әкелер ешкім жоқ па? – деп айғай салған еді. Халық оған ел ішіндегі талас-тартыс, дау-дамайды тек «Хилфул-фудулдың» шешетіндігін айтып жөн сілтеді.

Ол болса тікелей Қағбаға барып: – Әй, хилфул-фудулшылар, маған көмектессең- дерші? – деп дауыс көтерді. Хилфул-фудулшылар дереу қыздың әкесін ертіп Нұбайхтың үйіне барды. Нұбайх сыртқа шыққанда оған дүрсе қоя берді: – Әй, көргенсіз! Сен біздің қиянатшылдықпен жан аямай күресеміз деп серттескенімізді білесің.

Жан керек болса, шығар тез қызды үйіңнен! Нұхайл іс бұлай насырға шабады деп ойлама- са керек ә дегенде сасып қап, артынан қызды үйінен шығарды. Иә, пайғамбарлық келмей тұрып та, хазірет Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ел ішіндегі осындай игі шаралардың басы-қасында жүргені тарихқа аян.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: