ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі, орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің «әйелдер-қыздар секторы» 1-мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай мерекелік іс-шара өткізді.
Іс-шараға қаладағы «Һибатулла Тарази», «Кеңесхан қажы», «Әулие ата», «Рахман-Рахим» мешіттерінің әйел ұстаздары мен әйел шәкірттері қатысты.
Мешіттердің шәкірттері арасында қырғыз, өзбек, түрік, күрд, дүнген, татар және украин ұлттарының өкілдері бар екен. Осылайша, тілі бөлек, діні бір жамағат жақсылықта бас қосып, көңілді кездесу өтізді.
Іс-шара барысында шәкірттер қазақ халқының және елімізде мекендейтін ұлт өкілдерінің мәдениетін, салт – дәстүрін, киім үлгілерін, сонымен қатар арнайы дайындап алып келген ұлттық тағам түрлерін насихаттады және әр ұлт өкілі өз ұлтының келіннің «сәлем салу» салтын көрсетті.
Мереке барысында өздері даярлаған ұлттың барлық ұлттық құндылықтарын көрсетіп, жарастықты, бірлікті ұрандай келе, барлығына үлкен шаңырақ бола білген Қазақстан Тәуелсіз мемлекеті екенін айқын дәлелдеді.
Аталмыш іс-шараны өткізудегі мақсат, Тараз қаласындағы мешіттердің ұстаздары мен шәкірттері арасындағы бірлікті, ынтымақтастықты нығайтып, ізгілікте көрісу болатын.
Іс-шара өте әсерлі, мағыналы өтті.
«Һибатулла Тарази» мешітінің Баспасөз қызметі