Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл қала имамдарымен кезекті жиналыс өткізді.
Қанат Әділханұлы ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр Әлимұхаммедұлының бірқатар тапсырмаларын қала имамдарына жеткізді.
Өкіл имамның тапсырмасы бойынша Тараз мешіттерінің Рамазан айына дайындығын пысықтау, қайырымдылыққа мұқтаж отбасылардың ортақ базасын жасау, күнделікті бесін мен ақшам уағыздарын күшейту және т.б. мәселелер осы жиналыста қаралды.
Сондай-ақ, жиналыста қала имамдары күнделікті атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесімен бөлісіп, мешіттердің ішкі тәртібі мен ережелеріне көңіл бөлу талап етілді. Жиын соңында қаланың бас имамы алдағы уақытта қолға алынатын жұмыстар жайлы айтып өтті.
«Кеңесхан қажы»
мешітінің Баспасөз қызметі