Адами қасиеттердің ең қадірлісі қайырымдылық болғандықтан, оны жасаудың өзі үлкен нығмет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: "Жер бетіндегілерге мейрімділік көрсетсеңдер, көктегілер де сендерге мейрімділік көрсетеді", - деген.
Міне, осыған орай Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы Аят Алмахановтың ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы жүргізілді.
Мешіт тарапынан найб имам Талғат Кəрібайұлы ауданда тұратын тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларды арнайы мешітке шақырып азық-түлік (1 қой еті, 10 кг макарон, 50 кг ұн, кеспе, қант, 50 лт сұйық май, май, шəй, томат пастасы) таратты.