Меркі ауданында «Жақсылық жаса, қайырымды бол, ішкі жан дүниең рахаттанады» атты іс-шара өз жалғасын тауып жатыр.
Осы жолы тұрмыстық жағдайы төмен, үш баланың жесір анасы, Екпінді ауылының тұрғынына көмек көрсетілді. Бұл отбасы ауызсу тапшылығын көріп жүрген екен.
Осы қиындықты жеңілдету мақсатында бас имамның бастауымен комисия тобы құрылып, жағдайы анықталды. Нәтижесінде 25 метр терендікке темір құбыр тартылып, таза ауызсу шығарылды. Таза суға қол жеткізген бұл отбасы мешіт қызметкерлеріне шексіз алғысын жеткізді.
Бір адамды қиындықтан құтқарған адамға Алла да өз мейірімін төгері сөзсіз. Осындай игі бастамалар көптеп жалғасын таба берсін деген ниеттеміз.
«Меркі ата» мешітінің Баспасөз қызметі