Бұдан былай Иран мектептерінде шетел әлеуметтік желілерін пайдалануға тыйым салынды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, бұл тыйым «елдегі шетел интернет-платформасының ықпалын азайтуға» бағытталып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, осының алдында ИИР аймағында бірнеше айдың ішінде республикада ең танымал болып табылатын Telegram мессенджері «Иран саясатына қарсы» деп танылып, бұғатталған болатын.
Соңғы кездері Иран үкіметі меншік әлеуметтік желі құруда белсенді жұмыс жасау үстінде. Мысалы үшін, Иран Soroushnetwork мессенджерінің қазіргі таңда бес миллиондай қолданушысы бар екен.
Бүгінде Иранда Telegram мен Instagram ең танымал әлеуметтік желілер болып табылады. Одан кейін елде ресми түрде тыйым салынған әлеуметтік желілер Facebook пен Twitter.
asyldin.kz