Пайғамбарымызды (ﷺ) келемеждеп салған суреті үшін түрмеге қамалды

Пайғамбарымызды (ﷺ) келемеждеп салған суреті үшін түрмеге қамалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үндістан азаматы Пайғамбарымызды (ﷺ) келемеждеп салған суреті үшін түрмеге қамалды. Ұлты үндіс, бірақ өзі БАӘ-нің тұрғыны болып келген азаматты өзінің Facebook парақшасына Пайғамбарымыз Мұхаммедті (ﷺ) келемеждеп салған суретін жариялағаны үшін үш айға түрмеге қамаған.

«GulfNews» британ ресурсының мәлімдеуінше, келемеж суреттің авторын оның қызметтесі полицияға хабарлап, құқық қорғаушыларға келемеж суреттің скриншотын жіберген екен.

Сол сәтте-ақ, жұмыс орнында отырған үндіс қамауға алынып, сот алдына әкелінген, ал сот, өз кезегінде, үндіске исламға тіл тигізгені үшін 1400 доллар көлемінде айыппұл салған.

Үкімге көңілі толмаған қамалушы өзінің салған келемеж суретінің мұсылмандар үшін қорлағандық болып табылатындығын білмегендігін айтып шағым түсірген.

Дегенмен, сот келемеж сурет авторының шағымын қанағаттандырмай тастаған, керісінше, жазасын күшейткен. Енді ол бас бостандығынан айырылып, үш ай уақытын түрмеде өткізетін болады, ал түрмеден шыққан соң БАӘ –нен жер аударып жіберілетін болады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: